Қылмыс

Қытай мен Қазақстан азаматтары бірлесіп, қылмыстық топ құрған

  • Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі

    Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі

Алматыда биологиялық ресурстар контрабандасымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары сотталды.

 

Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады деп жазады azattyq-ruhy.kz.

 

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қытай мен Қазақстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

 

Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) шаяндарының контрабандасын жүзеге асырғаны үшін айыпталған болатын.

 

Олар Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын биологиялық ресурсты контрабандалық жолмен өткізу кезінде ұсталған.

 

Алматы қалалық мамандандырылған сотының үкімімен төрт айыпталушы қылмыстық кодексті 234-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы (экономикалық контрабанда), 264-бабының 1 мен 2-бөлігі (Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және 214-бабының 2-бөлігі (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет)  бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылдан 10 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

 

 

 

 

 




Көрілген: 638    Пікірлер: 0

сейсенбі, 05.01.2021, 15:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31