Қылмыс

Қыз зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары видеоүндеу жасады

  • © instagram/oo_osa_semey_vko

    © instagram/oo_osa_semey_vko

Семей тұрғынын зорлағаны үшін сотталған ер адамның туыстары әділ сотты талап етіп, видеоүндеу жасады, - деп хабарлайды YK-news.kz.

 

"Менің өтінішімді сот пен тергеу органдары назарға алған жоқ. Мен түсінбеймін ... Шынымен де елімізде адамды дәлелсіз айыптау оңай ма?

Менің мақсатым сот жүйесі мен тергеу қызметін қаралау немесе оған күмән келтіру емес.

"Неге сарапшылардың қорытындысы ескерілмейді? Қорытындыда зорлық-зомбылықтың ізі жоқ екені көрсетілген. Менің ұлым осы жағдайдың құрбаны болды. Ол өзі зардап шеккен адамның қатарында", - дейді сотталушының әкесі Мұрат Хасенов видеоүндеуде.

 

 

ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, үкім осы жылдың көктемінде шығарылған. Үкім апелляцияға жіберілгенмен, өзгеріссіз қалдырылған.

 

"Семейдегі №2 соттың 29 мамырдағы үкімімен Н. Хасенов пен Е.Хасенов алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам жасаған зорлау қылмысы үшін кінәлі деп танылып, ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы, 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 28 шілдедегі қаулысымен Семей қаласының №2 сотының сотталғандарға қатысты үкімі өзгеріссіз қалдырылды", - делінген хабарламада.

 

 

 




Көрілген: 1021    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.12.2020, 13:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31