Қыздарды Бахрейнгі секс-құлдыққа сатқандар сотталды

Қыздарды Бахрейнгі секс-құлдыққа сатқандар сотталды

Бахрейнде қазақстандық қыздарды саудаламақ болған қылмыстық топтың мүшелері ұсталды, - деп хабарлайды gdnonline.com.

 

Дереккөз мәліметінше, адам саудасымен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері түрмеге қамалды.

 

"Заңсыз топты Бахрейнде тұратын 39 жастағы ер адам басқарған. Оған төрт қазақстандық әйел көмектескен. Тағы үш бахрейндік пен Үндістаннан келген бір ер адам болған", - деп жазады басылым.

 

Жоғарғы соттың үкімімен барлық 9 адам айыпты деп танылды. Олар адамдарды саудалап, секс-құлдықта ұстады деп айыпталды. Сот 4 бахрейндік пен екі қазақстандық әйелді жеті жылға, Үндістаннан келген ер адамды үш айға, тағы екі қазақстандық әйелді екі айға бас бостандығынан шектеді.

 

Сондай-ақ, бахрейндік екі ер адамға және қазақстандық екі әйелге 2000 бахрейндік динар мөлшерінде (2,2 миллион теңге) айыппұл салынғаны айтылады.

 

Бұдан бөлек, қылмыстық топ мүшелерінен 219 миллион теңге мөлшерінде ақша тәркіленгені айтылады. Олар ол ақшаны есірткі сатумен айналысқанда тапқан.

 

Еске салайық, осыған дейін Бахрейнде 20-дан аса қазақстандық қыздың сексуалдық құлдықта болғаны хабарланған еді.

 

"Қазақстанның Сауд Арабиясындағы Елшілігінің жәрдемімен Бахрейн полициясы 21 ҚР азаматшаларын сексуалдық құлдықтан босатты. Жақсы жалақы алу уәдесіне сенген жас қыздар Бахрейнге қонақүйде қызмет көрсету саласында жұмыс жасауға келген. Алайда келген бойда күтіп алушылар құжаттарын тартып алып, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген. Бағынбаған жағдайда күш көрсеткен", - делінген еді хабарламада.

 

kaz.tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста