Қылмыс

Қыздарды секс-құлдыққа мәжбүрлеп, жігіттерді малай қылған кәсіпкер сотталды

  • Қыздарды секс-құлдыққа мәжбүрлеп, жігіттерді малай қылған кәсіпкер сотталды

    Қыздарды секс-құлдыққа мәжбүрлеп, жігіттерді малай қылған кәсіпкер сотталды

Кафедегі қанды қылмыс Иван Косюктің өлімінен кейін әшкерленді. Ұйымдасқан топ 34 жастағы Меңдіқара тұрғынын шынжырмен байлап, құлдыққа салып қамауда ұстаған.

Қостанай соты жігіттерді құлдыққа салып, қыздарды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген дәмхана қожайыны 17 жылға бас бостандығынан айрылды, сыбайластары да сотталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Astana.tv-ға сілтеме жасап.

Сот залындағы ақпараттарға сенсек, атышулы Тимур Алатаев басқарған топ жол бойындағы «Керуен» дәмханасында бір емес, бірнеше қылмыс жасаған. Шағын дәмханаға жұмыс іздеп келгендердің еңбегін қанап, кейбіреуін күшпен құлдыққа салған. Қыз-келіншектерге зорлық-зомбылық көрсетіп, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

Кафедегі қанды қылмыс Иван Косюктің өлімінен кейін әшкерленді. Ұйымдасқан топ 34 жастағы Меңдіқара тұрғынын шынжырмен байлап, құлдыққа салып, қамауда ұстаған.

Бұрын полицияда жұмыс істеген Тимур Алатаев жұмысшыларына түрлі жаза қолданып, күш көрсеткен. Қасақана ұрып соққан. Қалың қарызым бар деп қолхат жаздырып, жәбірленушілерді заңсыз бас бостандығынан айырған.

"Моншада клиенттерге қызмет көрсетуге мәжбүрледі. Айтқанға көнбесең балаңның көзін құртамын деп қорқытты. Қашатын болсаң, ұстап алып денеңді бөлшектеп тастаймыз деп шошытты. Ұрып-соқты. Үш рет зорлады", - деді жәбірленуші Ирина Царёва.

Басты фигурант - Тимур Алатаев Қылмыстық Кодекстің 10-бабы бойынша айыпты деп танылып, 17 жылға сотталды. Екі сыбайласы Евдокимов - 14 жылға, ал Абдулхаев - 3 жылға бас бостандығынан айрылды. Сотталушылар Иван Косюктің анасына 5 миллион теңгеден астам моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.




Көрілген: 1195    Пікірлер: 0

жұма, 06.03.2020, 17:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31