Қылмыс

Қыздың басын кесіп алған жамбылдық жігіттің сотында күтпеген жайт орын алды

  • http://news.bigmir.net/

    http://news.bigmir.net/

"Қызылордалық Назерка Бекжанованы өлтірді" деп айыпталған жігіттің сотында күтпеген жайт орын алды, деп хабарлайды kaz.zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Басы кесілген қыздың денесі 2018 жылдың күзінде Сырдария жағасынан табылды. Оның қасында кеудесінен және қарнынан пышақ жарақатын алған бір жігіт жатты.

Кейін сол жігіт өзінің таныс қызын қатыгездікпен өлтіргені анықталды. Прокурор ер адам қызға үш рет пышақ сілтеген, одан кейін басын кесіп, оны оқиға орнынан он метр жерге лақтырып жіберген дейді. Істі осылай тындырған жас жігіт өз-өзіне қол жұмсамақ болып, артынан хат жазып қалдырған. Онда жігіт екеуін бір жерге жерлеуді өтініпті.

Назерке күдіктіге тұрмысқа шығудан бас тартқан. Осы жағдай кісі өлтіруге себеп болған.

Жақында мамандар жас жігіттің шизофрениядан зардап шегетінін анықтады. Бұл диагноз оның түрмедегі жазадан құтылуына мүмкіндік берді. Оған 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін еді. Алайда, қазір ол психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп емдеуге жіберілуде.

- Нәтижесінде, Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінің 5-тармағына сәйкес, яғни ерекше қатыгездікпен кісі өлтірген Бекеновты ауруханалық психиатриялық мекемеге мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Қызылорда облысы прокуратурасы басшысының орынбасары Батырбек Нұрмағанбетов.

 




Көрілген: 494    Пікірлер: 0

жұма, 17.01.2020, 10:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29