Қылмыс

Қызғаныштан әйелін пышақтап тастады

  • Фото: goloskarpat.info

    Фото: goloskarpat.info

Полиция қызметкерлері әйелін өлтірген ер адамды ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

28 сәуір сағат 14.31-де «102» нөміріне қоңырау шалынып, Тәуелсіздік көшесіндегі тұрғын үйлердің сатысында пышақталған әйелдің денесі жатқаны туралы хабарланды. 1982 жылғы Белоус Надежда қалалық ауруханаға жеткізіліп, сағат 16:10-да алған жарақатынан қайтыс болды.

 

Полиция қызметкерлері әйелдің күйеуі - 1992 жылы дүниеге келген Белоус Ростиславты ізін суытпай ұстады.

 

Аталған фактімен ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті азамат уақытша қамалды.

 

«Қылмысқа ерлі-зайыптылар арасындағы қызғаныш себеп болған. Бұл жұп 2017 жылы үйленген, бірақ 2020 жылдың басынан бері бірге тұрмаған. Екеуі әйелдің бірінші некесінен туған 2011 жылғы бала мен 2018 жылы дүниеге келген ортақ баланы тәрбиелеген. Қазіргі кезде кәмелет жасына толмаған балалар өлген әйелдің әпкесінің қолында» делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл - карантин кезеңінде болған отбасылық-тұрмыстық қатынас саласында жалғыз аса ауыр қылмыс.

 




Көрілген: 378    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.04.2020, 15:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31