Қылмыс

Қызылжарда жиені пышақтаған 89 жастағы қария бақилық болды

  • Қызылжарда жиені пышақтаған 89 жастағы қария бақилық болды

    Қызылжарда жиені пышақтаған 89 жастағы қария бақилық болды

Қызылжарда атышулы қанды оқиғадан кейін, өмір үшін күрескен 89 жастағы қария бақилық болды. Наурыздың 10-ы күні қаскөйдің пышағына ілінген зейнеткер, облыстық ауруханының жансақтау бөлімінде жатты. Тұла бойы тілімделген әжейдің жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған болатын. Күрделі отадан кейін, қария есін жимаған күйі, араға үш аптадай уақыт салып көз жұмған. Ал Алматыдан келіп нағашыларын баудай қырған жиеннің ісін, полицейлер әлі тергеп жатыр, - деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ең алдымен қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы екінші бөлімі, адам өлтіру бойынша қозғалды. Қазір бұл іс бірінші және екінші пунктіге сай, яғни екі адамды қасақана өлтіру бабына ауыстырылды. Енді ол 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - дейді СҚО полиция департаментінің тергеу басқармасының бөлім басшысы Марал Ахметбеков.

Еске салайық, жаға ұстатарлық қанды оқиға наурыздың басында Петропавлдағы коттедждердің бірінде болған еді. 30 жастағы Алматы тұрғыны өзінің Қызылжардағы туысқандарына түнде келіп, 3 адамды қан-жоса етіп пышақтап тастаған. Алған дене жарақаттырынан 48 жастағы отанасы, сол күні операция кезінде қайтыс болды. Үшінші жәбірленуші — 29 жастағы жігіт қазір әлі ауруханада жатыр. Полицейлер қаскөйді сол күні бірден құрықтады.




Көрілген: 327    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.03.2021, 09:58

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Сәуір, 18:30
    Құдаша үшін қырғын

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31