Қылмыс

Қызылорда облысында екі ер адам 55 жастағы әйелді бір апта бойы зорлаған

  • https://www.asi.org.ru/

    https://www.asi.org.ru/

Қызылорда облысында 55 жастағы әйелді бір апта бойы ұрып-соғып, зорлаған екі ер адам ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев адам саудасы туралы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Айтуынша, Қызылорда облысында полиция адам саудасымен байланысты қылмыстың бетін ашты. Екі ер адам қаладағы пәтерлердің бірінде 55 жастағы әйелді бір апта бойы заңсыз ұстап, ұрып, зорлаған.

 

"Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлімі 2-тармағы "Адамды қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді Таев.

 

Айта кетсек, бұл бап бойынша 5-тен 10 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

 

Осыған ұқсас жағдай Алматы қаласында да болды. Әйелдер 16 жастағы қызды алдап, бес ай бойы жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.

 

Таевтың айтуынша, әйелдер қыздың мәліметтерін жыныстық қызмет көрсету туралы хабарландырумен қоса интернет-ресурстарға жариялаған. Бұған қатысты Қылмыстық кодекстің 134-бабы 1-бөлімі "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер мүлкі тәркіленіп, үш жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, "STOP трафик" операциясының үш күні ішінде адам саудасымен байланысты 50-ден аса қылмыс анықталды.

 

 




Көрілген: 381    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.09.2020, 15:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31