Қылмыс

Қызылорда облысында ер адам көршісінің 11 жастағы баласын зорлаған

  • https://tayga.info/

    https://tayga.info/

«Не молчи» қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі бір күн ішінде сенім телефонына кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы үш жағдай бойынша хабарлама келіп түскенін айтты деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

Қорға Қызылорда облысында зардап шеккен баланың көршілері көмек сұрап хабарласқан.  

«Қызылорда облысы Сырдария ауданында 11 жастағы балаға әкесінің досы жыныстық зорлық-зомбылық көрсеткенін көршілері байқаған. Меніңше, бұл жағдай бірнеше рет болған. Бұл туралы көршілерге зардап шегуші баланың інісі айтып берген. Көзіне жас алған кішкентай бала көршілеріне жүгіріп келіп, әкесінің Нұрлан есімді досы ағасын ренжіткенін айтқан. Бала көзімен көргенін, Нұрланның не істегенін ыммен көрсеткен. Нұрлан бірнеше жылдан бері сол үйге қонуға келіп, әкесімен бірге ішімдік ішеді екен», - деп жазды Дина Таңсәрі.  

Жағдайды естіген көршілері дереу үйге барып, зардап шеккен баланы тапқан. Ол бәрін растап, бұл жағдайды әкесі де білетінін айтқан. Тіпті, азғындыққа әкесі де жол беріп, баласына бірнеше рет жыныстық мүшесіне массаж жасатқан көрінеді.

«Ең өкініштісі, балалардың анасы жоқ, әкесі оларды жалғыз тәрбиелейді екен. Көршілері балалардың аш жүретінін, жуынбайтынын, кейде көшеде түнейтінін, әкелері көңіл бөлмейтінін, әкесі балаларын ұратынын айтып, талай рет шағымданған. Әкелері еш жерде жұмыс істемейді. Асыраушысынан айырылғаны үшін берілетін жәрдемақыға күн көріп келеді екен», - дейді «Не молчи» қорының негізін қалаушы.

Дина Таңсәрінің айтуынша, көршілері қаншама рет дабыл қағып, осы мәселені көтергенімен, балалар әлі күнге дейін әкесімен бірге тұрып жатыр екен. 15 қыркүйектен бері ештеңе өзгермеген.

Бұл жағдайға байланысты Қызылорда облысының полициясы жауап беріп, күдіктіге қатысты шара қолданып жатқанын айтты.

«2020 жылдың 23 қыркүйегінде Қызылорда облысы Сырдария ауданында жас балаларды азғындық жолға түсіру фактісін жасады деген күдікпен ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті ұсталып, Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Балалар облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды», - делінген




Көрілген: 1340    Пікірлер: 0

жұма, 25.09.2020, 14:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31