Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қызылорда облысында төрт тұрғыннан 2 млн теңге алып, қашып кеткен әйел ұсталды

03 қыркүйек 2020, 00:29

Қызылорда облысы орталығының тұрғыны 2018-2019 жылдары Арал ауданының тұрғындарынан «жұмысқа орналастырып беремін» деген желеумен сенімдеріне кіріп, жалпы сомасы екі миллион теңге алып, қашып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Алаяқтың арбауына ауылдың төрт тұрғыны түскен. Аталған дерек негізінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде Қызылорда қаласының 55 жастағы тұрғынын анықтады. Тергеу барысында күдікті әйел кінәсін толығымен мойындады», - деп жазылған ақпаратта.

Әйелдің іс-әрекетіне қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.