Қылмыс

Қызылордада 110 қап күріш ұрлаған ауыл тұрғыны қолға түсті

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қызылордалық полицейлер күріш ұрлығына қатысы бар ұрыны қолға түсірді, &ndash деп хабарлайды Polisia.kz.

 

20 қазан күні Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары түнгі сағат 02:37 шамасында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында &ldquoДосқали&rdquo елдімекеніне қарай кетіп бара жатқан күдікті мотокөлікті байқаған.

 

Мотокөліктің ізіне түскен полицейлер  Қазалы ауданының жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егістік алқабынан 20 қаптан астам күріш ұрлап, бос тұрған ғимараттың ішіне жинап жатқан жерінен аудан тұрғынын ұстады.

 

Тексеру барысында бұл азаматтың дәл осы егістік алқабынан үш күн қатарынан барлығы 110 қап күріш ұрлағаны белгілі болды.

 

Қазіргі таңда күріш ұрлаған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша (Ұрлық) сотқа дейінгі  тергеп- тексеру амалдары жүргізілуде.




Көрілген: 392    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31