Қызылордада адам өлтіруге оқталған күдікті қолға түсті

09 наурыз 2022, 00:13

Қызылордада адам өлтіруге оқталған күдікті қолға түсті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Қызылорда қалалық полиция басқармасына адам өлтіруге оқталу дерегімен хабарлама түскен.

 

Онда қала аумағында орналасқан демалыс орнының бірінде екі адам арасында жанжал болып, салдарынан олардың бірі ауыр жарақат алғаны айтылған.

 

«Қызылордалық полицейлер күдіктіні ізін суытпай қолға түсірді. Ол қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 24 бабының 3-бөлігімен және 99 бабының 1-бөлігімен (адам өлтiруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Жәбірленуші медициналық мекеменің бірінің жансақтау бөліміне жатқызылды», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.