Қылмыс

Қызылордада апатқа ұшыраған көліктің жүксалғышынан адам мәйіті табылды

  • CC0 / Pixabay / Alexas_Fotos

    CC0 / Pixabay / Alexas_Fotos

Қызылордада жол апатына ұшыраған көліктің жүксалғышынан жеке такси жүргізушінің мәйіті табылды.


Жас жігіт шетелдік көлікті басқара алмай, электр тарату желісінің бағанына соқтығысып, оқиға орнынан қашып кеткен.


Жол апаты болған жерге келген полицейлер көлікті айып тұрағына сүйреп апаруы тиіс болатын. Олар көлік құралын қарап шыққанан кейін автокөліктің жүксалғышында түйрелген жарақат алған ер адамның мәйіті жатқаны анықталады. Ол жеке тасымалдаумен айналысқан автокөліктің иесі болып шықты.


"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қызылорда облысының полиция департаменті.


Бұл бап 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.


Полиция департаменті қылмысқа күдіктілер анықталғанын хабарлады.


"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі күдікті – облыс тұрғындары ұсталып, қамауға алынды, олардың бірі 26, екіншісі 41 жаста", - деп түсініктеме берді полиция.


Такси жүргізушіні қандай мақсатта, қашан және қалай өлтіргені туралы ақпарат әзірге жария етілген жоқ.


Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процессуальдық кодексінің 201-бабына сәйкес, алдын ала тергеу деректері жария етілмейді, деп нақтылады полиция департаменті.


Sputnik


 




Көрілген: 1520    Пікірлер: 0

жұма, 12.07.2019, 09:19

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30