Қылмыс

Қызылордада дастархан жайып, кеш ұйымдастырғандар жазаланды

  • Қызылордада дастархан жайып, кеш ұйымдастырғандар жазаланды

    Қызылордада дастархан жайып, кеш ұйымдастырғандар жазаланды

Қызылордада төтенше жағдай кезінде балабақша ұжымы туған күн кешін ұйымдастырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан қатаң шараларға қарамастан төтенше жағдай режимін бұзу деректері орын алуда.

14 сәуір күні сағат 11:30 шамасында Сырдария ауданы Ақжарма ауылында балабақша меңгерушісі ұжымын сенбілікке шақырған. Сенбілік барысында балабақша ұжымы қызметкерлерінің бірінің туылған күнін атап өтпек болады. Балабақшаның 15 қызметкері дастархан жайып, кеш ұйымдастырады.

Төтенше жағдай кезінде ескертулерге құлақ аспаған балабақшаның 15 қызметкеріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабының 6-бөлігі бойынша (Төтенше жағдай режимін бұзу – карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды өткiзу) әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шешім қабылдау үшін жинақталған құжаттар сотқа жолданды.




Көрілген: 354    Пікірлер: 0

сенбі, 18.04.2020, 00:55

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31