Қылмыс

Қызылордада ер адам 9 жастағы қызды зорлап, қашып кеткен

  • Қызылордада ер адам 9 жастағы қызды зорлап, қашып кеткен

    Қызылордада ер адам 9 жастағы қызды зорлап, қашып кеткен

Қызылорда қаласында 9 жасар қызға белгісіз азамат жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 16 шілдеде болған. Ер азамат 9 жастағы қызға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Азғындық жасаған белгісіз ер адам ісін бітіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

"Күдіктіні анықтау мақсатында облыстық полиция департаменті және Қызылорда қалалық полиция басқармасы қызметкерлері тарапынан жедел тергеу тобы құрылды. Полиция қызметкерлері кешенді жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, 26 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны ұсталды. Ол кінәсін толығымен мойындады", - деді Қызылорда облыстық полиция департаменті өкілдері.

Органдағылардың хабарлауынша, қазір күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалған. Аталған факті бойынша ҚР қылмыстық кодексінің "сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер" бабымен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

 




Көрілген: 470    Пікірлер: 0

сейсенбі, 21.07.2020, 10:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30