Қызылордада ер адамдардың әйелді өлтірмек болған сәті видеоға түсіп қалды

09 наурыз 2022, 18:24

Сұмдық жағдайдан зардап шеккен әйел аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Экспресс К-ға сілтеме жасап.

Қаладағы демалыс орындарының бірінде жанжал болып, ер адам әйелді бірнеше жерінен пышақтап кеткен.

 

Жанжал болған сәт ғимараттың бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

 

Онда ер адамның суыт жүріспен демалыс орнына кіріп бара жатқаны көрінеді.

 

Одан кейінгі көірінсте әлгі азаматтың әйелмен жұлқыласып, төбелесіп қалған сәті байқалады. Дәл сол жанжал үстінде еркек жәбірленушіге бірнеше рет пышақ сұғып үлгерген.

 

Кейін қара киімді азамат сыртқа шығып, кетіп қалады.

 

<iframe src="https://aitube.kz/embed/?id=ecc8121f-7c16-44d9-ac8a-cbb9947df25a&amp;fpc=9d88be7d-fc12-4dc1-b240-464b1a109ef8" class="aitube-embed" width="500" height="315" frameborder="0" allow="accelerometer; autoplay; encrypted-media; gyroscope; picture-in-picture" allowfullscreen="allowfullscreen"></iframe>

 

Полицейлер осы оқиғаға қатысты күдіктіні ізін суытпай ұстап, қамауға алды.

 

 

ПД баспасөз қызметі

 

Оған қатысты ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлігімен және 99-бабының 1-бөлігімен (Адам өлтiруге оқталу, яғни басқа адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде, деп мәлімдеді ПД баспасөз қызметіндегілер