Қызылордада газ құю станциясына белгісіз біреу баса-көктеп кірді
Полиция қызметкерлері қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының 2002 жылы туған тұрғынын ұстады
Қызылордада газ құю станциясынан ақша мен талонды алып кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.
24 ақпан күні таңғы сағат 06:15-те бетперде киген белгісіз біреу қала орталығында орналасқан газ құю бекетінің қызметкерін тапаншамен және үшкір затпен қорқытып, кассадан ақша, ұялы телефон және талондарды алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын &ndash 104 мың теңге.
Қызылорда қаласының полиция басқармасы қызметкерлері күдікті ретінде облыс орталығының 2002 жылы туған тұрғынын ұстады. Қазіргі таңда ол уақытша ұстау изоляторына отыр.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 192-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.