Қылмыс

Қызылордада қыз алып қашқан жігіттер сотталды

  • © informburo.kz

    © informburo.kz

Қызылорда қаласында бойжеткенді еркінен тыс алып қашуға ниеттенген жігіттерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Аталмыш оқиға 2018 жылдың шілде айында орын алған. Жігіттердің бірі екі ауылдасымен кездесіп, өзінің үйлену жөнінде ойы бар екенін айтады. Үшеуі өзара келісіп, Қызылорда қаласына келеді. Үйленуге бекінген жігіт өзінің бұрын жүрген қызының үйінің маңын торуылдайды.


Таңертеңгілік уақытта жұмысына жаяу бара жатқан бойжеткенге кезігіп оны көлікпен алып баратынын айтып, мінуін сұрайды. Оған қарсылық білдірген бойжеткенді екі қолынан қысып ұстап, көлікке отырғызады.


Бұдан кейін үшеуі бойжеткенмен бірге өздері тұратын ауданға қарай бет алады.


Дегенмен жол бойында жылдамдығын асырған көлік жүргізушісін жергілікті полиция қызметкерлері тоқтатады. Сол сәтте жәбірленуші полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Бойжеткенді еркінен тыс алып қашқан үш жігіт аудандық полиция бөліміне жеткізілген.


«Аталмыш қылмыстық іс Қызылорда қаласының №2 сотында қаралды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен іс қозғалды. Сол бойынша кінәлі деп танылған сотталушыларға 7 жылға шартты жаза тағайындалды», - деп мәлім етті Қызылорда қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі.


 




Көрілген: 831    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.05.2019, 09:16

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30