Қызылордада полиция басқармасының экс-басшысы 7 жылға сотталды

14 сәуір 2022, 18:20

Сотталушы ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген «бопсалау арқылы пара алу» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі sn.kz-ке сілтеме жасап.

13 сәуірде № 2 Қызылорда қалалық соты Қызылорда полиция басқармасының бұрынғы басшысын жеті жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.

 

Сотталушы ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігінің 1-тармағында көзделген «бопсалау арқылы пара алу» қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол жазасын қауіпсіздігі төмен мекемелерде өтейді.

 

Сонымен қатар, ол подполковник атағынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметте қызмет атқару мүмкіндігінен айырылды.