Қылмыс

Қызылордада сүйіктісінің басын кесіп алған жігіт түрмеден құтылып кетті

  • © Times.kz

    © Times.kz

Осыдан жеті ай бұрын Қызылорданың Тасбөгет кентінде жантүршігерлік қылмыс орын алған болатын. Сүйіктісін қызғанған 27 жастағы жігіт оның басын кесіп, денесін үш жерден пышақтаған. Алайда қылмыскер азамат соттың шешімімен заң алдындағы жауапкершіліктен босатылды деп хабарлайды 31 арна.


Қылмыстық оқиғаға дейін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген азаматты сот психикалық емдеу орталығына жатқызуға шешім қабылдаған.


Соттың айтуынша, қылмыскер оқиға кезінде өз әрекетіне жауап бере алмайтын күйде болған.


"Бекенов Шыңғыс Сәдуақасұлы қылмыстық кодекстің 99 бабы 2 бөлімі 5-ші тармағында көрсетілген қылмыстық әрекетті есі дұрыс емес күйде жасауына байланысты, 16 бапқа сай қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Бекенов Шыңғыс Сәдуақасұлы науқасты инициативті байқайтын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылуда", - деді Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Әл-Фараби Жақсылықов.


Айта кетейік, жантүршігерлік қылмыс осыдан жеті ай бұрын орын алған. Сүйіктісімен жанжалдасқан жігіт 22 жастағы бойжеткенді пышақтап, артынша оның басын кесіп алған. Артынше өзіне де қол жұмсамақ болған.


kaz.nur.kz




 




Көрілген: 1931    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.05.2019, 16:35

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30