Қылмыс

Қызылордада төбелестен жасөспірім пышақ жарақатын алды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Қызылордада төбелестен жасөспірім пышақ жарақатын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

13 мамыр күні көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жасөспірімдердің арасында жанжал туындап, топтық төбелеске ұласқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері төбелестің жолын кесіп, оқиға орнынан қалалық ПБ-на 14 жасөспірімді жеткізді. Төбелес салдарынан бір жасөспірім пышақ жарақатын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.

 

Жасөспірімнің өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, бас шарасы күзетпен ұстау жөніндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қалған жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады.

 

Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен (Бұзақылық, суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып жасалған іс-әрекеттер) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Топтық төбелеске қатысқан жасөспірімдердің ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК 127-бабы 3-бөлігіне (Ата-ананың немесе заңды өкілдерінің балаларын тәрбиелеуде міндеттерін орындамауы кәмелетке толмаған адамның қылмыстық не әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауына алып келген іс-әрекеті) сәйкес әкімшілік шара көру мәселесі қарастырылуда.

 

Қызылорда қалалық ПБ-ның басшылығы ата-аналарды кәмелетке толмаған балаларының түнгі уақытта үйден тыс жерде үлкендердің қарауынсыз жүрмеуін қатаң ескертеді. Олардың қараусыз жүруі құқық бұзушылық жасауының негізгі себебі болуы мүмкін екенін тағы да атап айтады.

 

Осыған орай, полиция қызметкерлері ата-аналарға және де мемлекетттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жетекшілеріне балаларға деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы шараларды арттыру қажеттігін ескертеді.

 

 




Көрілген: 664    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.05.2021, 19:23

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31