Қылмыс

Қызының ағасы болып шықты: полиция дизайнердің өліміне қатысы түсініктеме берді

  • Қызының ағасы болып шықты: полиция дизайнердің өліміне қатысы түсініктеме берді

    Қызының ағасы болып шықты: полиция дизайнердің өліміне қатысы түсініктеме берді

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Алматы полициясы танымал қазақстандық дизайнер Сәбит Сыраханның (Bisen) өліміне қатысты бар деген күдікпен ер адамды ұстады.

Ресми мәліметке сәйкес, 18 қазанда түнгі сағат 02:00-ге қарай полицияға екі ер адамның арасындағы төбелес туралы хабарлама түскен.

"102" пультіне қоңырау шалған адам даладағы төбелесті өзі тұратын пәтердің терезесінен көрген. Бас кезінде екі ер адам үйдің ауласында ұрсысып тұрған. Одан кейін төбелесе бастады. Сол кезде біреуі жерге сылқ ете түсті. Ал екіншісі қашып кеткен", - дейді қалалық полиция депаратментінің қызметкерлері.
Оқиға орнына барған жедел жәрдемнің мамандары жерде жатқан ер адамға көмек көрсетуге тырысқан. Бірақ ол қайтыс болды.

"Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1991 жылы туған ер адам бірден ұсталды. Ол көз жұмған жігіт кездесіп жүрген қыздың туған ағасы болып шықты. Күдікті адам өлтіргенін мойындады. Оны жақтырмай жүргеннен кейін соққыға жыққанын да айтты", - деп хабарлады құқық қорғаушылар. 

Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды. Адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Оның кінәсі дәлелденсе, 8-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетейік, 18 қазанда белгілі streetwear-бренд дизайнері Сәбит Сырахан (Bisen) қайтыс болды. Ол жайында оның достары әлеуметтік желіде хабарлаған еді.
 




Көрілген: 1251    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30