Қылмыс

Лайк үшін хайп жасап, ереже бұзған жігіт ұсталды (видео)

  • © Polisia.kz.

    © Polisia.kz.

Таразда төтенше жағдай режимін және жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізуші жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Әлеуметтік желілерде жол қозғалысы ережелерін бұзып қана қоймай, ел аумағына енгізілген төтенше жағдай режимін де елемеген “Лада” көлігінің жүргізушісіне қатысты бейнежазба жарияланды.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Тараз қаласының көшелерінде шектен шыққан тәртіпсіз әрекеттері бейнеленген белгісіз тұлғаның бейне түсірілімі желіде кең таралып, тәртіп сақшыларының назарынан тыс қалмады. Бейнежазба бойынша жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген Тараз қаласының Полиция басқармасы жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері “Лада 21703” маркалы автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісінің жеке басын анықтап, жауапкершілікке тартты.

 

Құқық бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 601-бабының 2-бөлігімен (жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігінің таңбаларымен белгіленген талаптарды сақтамау), 590-баптың 5-бөлігімен (көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу, атап айтқанда жүргізушіге шолуды шектейтін заттарды орнату) және 590-баптың 9-бөлігімен (мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген көлік құралын басқару) әкімшілік хаттамалар толтырылды.

 

Жамбыл облысының Полиция департаменті жүргізушілерді төтенше жағдай режимі кезінде қозғалыстарды барынша шектеп, аса қажет болған жағдайда ғана жолға шығуды, сақ болуды ескертеді.

 

Көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін, жол белгілерінің нұсқамаларын қатаң сақтап, көлік құралдарының тұраққа қойылуы мен тоқтауы, пайдалану ережелерін жауапкершілікпен мүлтіксіз орындауы қажет.

 




Көрілген: 244    Пікірлер: 0

сейсенбі, 07.04.2020, 12:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31