Қылмыс

Ломбардқа шабуыл: Полиция адамдарды кепілге алды деген мәліметті растамады (видео)

  • Видео кадры

    Видео кадры

"Адамдарды кепілге алу" видеосына қатысты Нұр-Сұлтан полициясы департаментінің өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Әлеуметтік желіде және WhatsApp мессенджерінде видео таралып жатыр, онда қаладағы ломбардтардың бірінде белгісіз біреудің адамдарды кепілге алынғаны көрінеді. Видеода сөйлеп тұрған азаматтың адамдарды кепілге алды деген мәліметі шындыққа жанаспайды", - деді полиция өкілдері.


Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, 3 сәуірде кешкі уақытта Гете көшесіндегі ломбард ғимаратына кіріп, қызметкерді қаруға ұқсас затпен қорқытып, ақша беруді талап еткен белгісіз ер адам туралы хабарлама келіп түсті. Ол ақшаны алып, қылмыс орнынан бой тасалаған. Күдіктіні анықтау және ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр.


"Қылмыс жасады деген күдікке ілінген жігіттің жасы 25-27-те, бойы 175-177 сантиметр, ол қара түсті күннен қорғайтын көзілдірік таққан. Сондай-ақ, ашық жасыл түсті медициналық маскада болды, капюшоны бар қара түсті маусымдық күртеше, көк түсті спорттық шалбар, ақ жолақтары бар қара кроссовка киген", - делінген ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.


 




Көрілген: 620    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.04.2019, 15:32

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30