LRT дауына қатысы сот үкімі шықты

04 мамыр 2023, 07:39

LRT құрылысы кезінде ақша ұрлаған 2 адамға сырттай үкім шықты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Сот серіктестіктің бұрынғы басшысы Талғат Ардан мен Астана әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбековті 7 жылға бас бостандығынан айырды.

 

Судья оларды тек бір эпизод бойынша ғана дәлелдің жоқтығына байланысты ақтаған.

 

Сотталған азаматтар халықаралық іздеуде.

 

Қылмыстық жауапкершілікке барлығы 9 адам тартылды. Олар да түрлі мерзімдерге сотталды.

 

Тергеу мәліметі бойынша, айыпталушылар алты миллиард теңгеге жуық ақша жымқырған.