Қылмыс

ІІМ басшысы Алматы орталығында болған атысқа қатысты пікір білдірді

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев 7 наурызда Алматы орталығында болған атысқа қылмыстық топ қатысқанын жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Екі қылмыстық топ болғанын жоққа шығарамын. Қазір бандиттерден құралған топтар бізде жоқ. Онда жастардың арасында дау шыққан. Төртеуі ұсталып, қамауға алынды, алты адам іздестіріліп жатыр. Онда шамамен 10 адам болған. Барлығының аты-жөні анықталды, даудың да себебі анықталды. Қылмыстық іс аясында олардың аты-жөнін, жанжалдың себебін де айта алмаймын. Кейінірек тергеу қорытындысын айтамыз", - деді министр.


Еске салайық, 7 наурызда кешкі уақытта Алматыдағы Бостандық ауданында атыс болғаны жайлы хабарланған еді. Әлеуметтік желілерде таралған видеодан Gelandewagen көлігінің маңында ер адамдардың сөйлесіп тұрғаны көрінеді. Бірақ бірде оларға қолында тапаншаға ұқсас заты болған белгісіз біреу келеді. Артынша барлығы тарап кетеді.


 




Көрілген: 326    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.03.2019, 17:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31