Қылмыс

ІІМ зорланған 7 жасар қыздың жеке мәліметтерінің жариялануына қатысты түсініктеме берді

  • CC0 / Jeevan

    CC0 / Jeevan

Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев ШҚО-да зорланған 7 жасар қыздың жеке мәліметтерінің жариялануына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Тергеу кезінде осы қылмыстың себеп-салдары анықталады. Содан кейін тиісті шешім қабылданады. Ал жеке мәліметтерді жариялауға қатысты полицейлердің кінәсі дәлелденсе, олар да жауапқа тартылады", - деді Қожаев журналистерге берген сұхабатында.


Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Дина Смайылова Шығыс Қазақстан облысында болған оқиға жайында баяндаған болатын. 28 қазанда Шемонаиха қаласында 7 жасар қызды зорлап кетті.


"Полиция бағыттаманы таратты. Ол әлеуметтік желілерге де шығып кеткен. Онда арыз жазған адамның аты-жөнін және тұрғылықты жерін ашық көрсеткен", - деп жазды ол.


Келесі күні таратылған ақпаратқа сәйкес, кішкентай қызды анасымен бірге тұрған ер адам зорлаған. Ол қылмыс жасағанда мас болды. Артынан оның өлі денесі табылды. Ер адам өз-өзіне қол салды деген болжам бар.


 




Көрілген: 328    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.11.2019, 16:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30