Қылмыс

Мақаншыда полицейлер күдіктіні қинап өлтірген

  • https://liter.kz/

    https://liter.kz/

Шығыс Қазақстан облысында күдіктіні қинап өлтірген тәртіп сақшылары тергеліп жатыр. Мақаншы аулындағы полиция бөлімшесіне өз аяғымен келген 33 жастағы азамат тергеу кезінде өліп қалған. Марқұм мал ұрлады деген күдікпен ұсталған екен.

 

Бүгін қайтыс болған азаматтың туыстары полиция бөлімшесіне келіп айқайға басты. Ашуға булыққандар жақынын қинап өлтіргендердің қатаң жазалануын талап етуде.

 

Осы шудан кейін ауылға дереу облыстық полиция департаментінің басшысы келді.

 

Сағат Мәдиев тергеу тобы құрылып, тиісті сараптамалар тағайындалғанын айтты.  

 

Сағат Мәдиев, ШҚО ПД басшысы:

 

- Аталмыш фактімен Өзіндік қауіпсіздік басқармасы «Қинау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Процессуалдық прокурорлардың тобы тағайындалды. Жақын туыстарының қатысуымен оқиға орнын қарау жүргізілді. Қажетті сараптамалар, оның ішінде паталогоанатомиялық зерттеулер өткізілді, әзірге сараптама нәтижелері дайын емес.

 

ktk.kz




Көрілген: 555    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 23:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30