Қылмыс

Маңғыстау облысында әйел жездесін түрмеге отырғызды

  • http://1news.zp.ua/

    http://1news.zp.ua/

Маңғыстау облысында тұрмыстық жанжал кезінде ер адам балдызына пышақ сұққан. Өз әйеліне де жарақат салды. Сотта келіншегі кешірсе де, оның сіңлісі жездесін заң бойынша соттауды талап еткен.

 

Тергеу материалдарына сәйкес, бұл оқиға Қарақияқ ауданындағы Жетібай ауылында болған. 48 жастағы ер адам тұрмыстық жанжал кезінде балдызының кеуде тұсына пышақ сұққан. Жүгіріп келіп, тоқтатуға тырысқан келіншегіне де жарақат салды, деп хабарлады inAktau.kz.

 

Қылмыстық кодекстің 106-бабы, 2-тармағы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, екі немесе одан көп адамға қатысты) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді. Оған сәйкес, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сотталушының кінәсі дәлелденді. Прокурор оны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұраған.

 

Сотта келіншек күйеуін кешіргенін айтып, жазаны жеңілдетуді өтінген. Ал оның сіңлісі жездесін заң бойынша соттауды талап етті. Күдіктінің өзі шартты мерзім беруді сұраған.

 

"Сот жазаны жеңілдететін жағдайларды ескерді: сотталушының кінәсін жартылай мойындауы, бұған дейін сотты болмауы және кәмелетке толмаған баласының болуы. Ал прокурор жазаны ауырлататын жағдайларды анықтаған жоқ. Сотталушы кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген Қарақиян аудандық сотының ресми хабарламасында.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 1823    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.11.2021, 17:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31