Қылмыс

Маңғыстау облысында сәбиді қинап массаж жасаған әйел тексеріледі

  • Маңғыстау облысында сәбиді қинап массаж жасаған әйел тексеріледі

    Маңғыстау облысында сәбиді қинап массаж жасаған әйел тексеріледі

Маңғыстау облысында шынашақтай сәбиді шырқыратып жылатып массаж жасаған әйелге қатысты тексеру басталды. Буыны қатпаған баланы жұлқыған маман қазір жұмысын уақытша тоқтатқан. Ал жұрттың ашуын туғызған массаж жасаушыға сәбидің ата-анасы дән риза, - деп хабарлады КТК арнасы.

- Массаж жасаған апаға рахмет айтамын. Оған қояр арыз-талабым жоқ. Үшінші курсын аяқтадық. Дәрігерлер кеше тексеріп кетті.

Бейнеу ауданындағы сұлулық салонының бірінде болған оқиға әлеуметтік желіде көпшілік наразылығын тудырды. Арнайы медициналық халаты, не бетпердесі жоқ әйел тоғыз айлық сәбидің ішін басып, аяқ қолын жан-жаққа тартып массаж жасауда. Тіпті жан дауысы шығып шырқырап жылағанына да мән берер емес. Баланың мойнынан ұстап бір-екі рет сілкілеп те алады. Соған қарамастан сәбидің анасы массаж жасаушыға «еш кінә артпаймын» деп отыр. Себебі: бала неврологиялық аурумен ауырады екен. Сол үшін арнайы массаж курсын қабылдауы қажет дейді.

Полиция департаменті массаж жасайтын әйелдің біліктілігі мен арнайы сертификаты бар-жоғын анықтау үшін толық ақпарат жинап, медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жолдады.




Көрілген: 878    Пікірлер: 0

жұма, 04.06.2021, 10:51

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31