Қылмыс

Маңғыстау облысында шенеунік пара алғаны үшін 30 миллион төлейді

  • Маңғыстау облысында шенеунік пара алғаны үшін 30 миллион төлейді

    Маңғыстау облысында шенеунік пара алғаны үшін 30 миллион төлейді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының ТКШ және автомобиль жолдары бөлімі басшылығына пара алу дерегі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың 30 сәуірінде Ақтау қалалық соты Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары" ММ басшысы Әбдіхалықовқа 30 миллион теңге айыппұл салды. Сондай-ақ, "Жанрин" ЖШС директоры Сүйінов 15 миллион теңге айыппұл төлейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бигайдаров брифингте.

ТКШ басшысы "Жанрин" ЖШС директорынан орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін бір миллион теңге сомасында пара алды және "Жұмыспен қамту жол картасы - 2020" және "Жұмыспен қамту – 2020" мемлекеттік бағдарламалары аясында жүзеге асырылып жатқан Мұнайлы ауданындағы "кентішілік жолдардың құрылысы" объектісінде жұмыстарды жүргізу кезінде оған одан әрі қамқорлық көрсетті деген күдікке ілінді. 

Айта кетейік, 2020 жылы Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының тұрғындары жолдардағы жаңа асфальт жабынын сынға алған болатын. Олар тасжолдағы жаңа жабынды қолмен оңай бөліп алуға болатынын көрсететін видео жариялаған еді.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдікті қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергеу аяқталғанын мәлімдеді.




Көрілген: 792    Пікірлер: 0

жұма, 21.05.2021, 18:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Шілде, 19:26
    Анасын ұрып өлтірді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31