Қылмыс

Маңғыстауда "әскер кіргізді" деген түрмені құқық қорғау өкілдері аралап көрді

  • https://kaz.zakon.kz/

    https://kaz.zakon.kz/

Маңғыстау облысында сотталғандардың жазасын қалай өтеп жатқанын өз көзімен көруі үшін олардың туыстары мен заңгерлерді түрмеге кіргізді, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

Маңғыстаудағы колонияның жағдайын білуге келген адам құқықтарын қорғау ұйымдарының өкілдері карантинге қатысты барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып, түрмені аралап көрді.

 

Бұған дейін Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД № ММ-172/6 тәртіп түзеу мекемесінің маңына сотталғандардың бір топ туысқандар жиналып алғандығы хабарланған болатын. Олар "түзеу мекемесіне әскер кіргізіліп, сотталғандарды ұрып-соғып жатыр" дегенді естіп, түрме маңына жиналған.

 

- Бәрін видоға түсірді. Сотталғандардың құқығын қорғау жөніндегі Ұлттық превентивті жүйе өкілі түрмеде жазасын өтеп жатқандардың әрқайсысынан "мұнда әскер кіргізілгені, олардың өздерін ұрып-соққаны рас па" деп жағалай сұрап шығады. Барлығы бұл сауалға жоқ деп жауап қатты, деп хабарлайды Маңғыстау облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментіндегілер.

 

 

Құқық қорғау ұйымдарының өкілдері асханада, демалыс клубында және ұйықтайтын бөлмелерде де болды. Әр бөлмеде олар сотталушылармен сөйлесіп, жазасын өтеу кезіндегі жағдайлары туралы егжей-тегжейлі сұрап, кеңінен әңгімелесті.

 

Осыдан кейін түрме маңына туысқандары жиналған сотталушылармен бөлек жеке-дара әңгіме болды. Олардың әрқайсысынана түрме қызметкерлері немесе сотталғандардың тарапынан өздеріне зәбір көрсетілген-көрсетілмегені жайлы сұралды.

 

Сондай-ақ теледидардан көрсеткен видео үндеу жасаушы сотталушымен де құқық қорғаушылар кездесті. Олар оған ешқандай жаза болмайтындығына сендіре отырып, өз наразылығын қағаз бетіне түсіріп, арыз жазуды ұсынды, бірақ олар егер оның сөздері өтірік болса, жауапқа тартылуы мүмкін екенін де ескертті. Бұдан кейін сотталушы арыз жазудан бас тартты, делінген хабарламада.

 




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.06.2020, 10:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31