Қылмыс

Маңғыстауда жеңгетай кәмелетке толмағандарды жезөкшелікке тартқан

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Маңғыстауда адам саудасы бойынша 6 қылмыс анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Маңғыстау облысының аумағында адам саудасына байланысты қылмыстардың жолын кесуге, анықтауға және ашуға бағытталған 6 күндік “STOP-Трафик” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді.

 

Іс-шараны өткізу барысында өңірдің ПД Криминалдық полиция қызметкерлері адам саудасы бойынша 6 қылмысты анықтады, оның ішінде 3 факт – ҚР ҚК 309-бабы бойынша (Жезөкшелікпен айналысу үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық), 2 факт – ҚР ҚК 135-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарды сату), 1 факт – ҚР ҚК 134-бабы бойынша (Кәмелетке толмағанды жезөкшелікпен айналысуға тарту).

 

Аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Сондай-ақ, бір әйел ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша жезөкшелікпен немесе жеңгетайлықпен айналысу үшін үй-жай бергені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Полиция моншаларды, қонақ үйлерді, ойын-сауық орындарын және жезөкшелер мен притондардың басқа да мүмкін болатын орындарын қарап шықты. Нәтижесінде “жезөкше” санаты бойынша 47 адам, “сутенер” санаты бойынша екі адам есепке қойылды.

 

ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша қоғамдық орындарда тиісу бойынша 13 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, жезөкшелікпен айналысатын және ҚР аумағында заңсыз жүрген екі адам Ақтау қаласы ПБ арнайы қабылдап-тарату орнына жабылды.

 

 

 

 




Көрілген: 3597    Пікірлер: 0

жұма, 01.10.2021, 17:41

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31