Қылмыс

Маңғыстауда кәсіпкерлер мемлекетке 767 млн теңге залал келтірген

  • https://finance.kz/

    https://finance.kz/

Қаржылық мониторинг агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті материалдық сыйақы үшін жалған шот-фактураларды жазып берудің екі әрекеттің жолын кесті деп хабарлайды azattyq-ruhy.kz.

 

Бірінші жағдайда кәсіпкер Ә.Қосбармақов Жаңаөзен қаласында «Өзен-АҚЖОЛ» ЖШС және «Қосбармақов Әділет Аманкелдіұлы» ЖК атты екі компания құрды. Жүк тасымалы және қызмет көрсету бойынша негізгі қызметтің орнына екі кәсіпорын атынан 3,1 миллиард теңгеден астам сомаға 7 компанияға жалған бухгалтерлік құжаттарды жазып берген.

 

Осыған ұқсас дерек Ақтау қаласында да анықталды. Азаматтар И.Агатаев пен М. Әбілев «Бөрі Ақтау» ЖШС құрып, бір топ тұлғалармен алдын ала сөз байласу арқылы іс жүзінде жұмыстар орындамай және қызметтер көрсетпей, 1,5 миллиард теңгеден астам сомаға шот-фактуралар жазып берген.

 

Осы компаниялардың заңға қайшы әрекетінің нәтижесінде мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 767 миллион теңгеден астам сомаға залал келтірілді.

 

Қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, басқа фирмаларға ақшалай сыйақыға жалған құжаттар жасағандарға ҚР Қылмыстық кодексінің 216-бабы бойынша 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға дейінгі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

 

Кінәлілердің бәрі әртүрлі мерзімге сотталды.

 

 

 

 




Көрілген: 323    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.09.2021, 13:03

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30