Қылмыс

Маңғыстаудағы қанды оқиға ауыл жұртын дүрліктірді

  • https://24krasnodar.ru/

    https://24krasnodar.ru/

Маңғыстау облысында думанды отырыстың соңы адам өлімімен аяқталды. Ішімдікке тойып алған екі жігіт 30 жастағы үй иесін балталап өлтірген.

 

- Мынаны қараңдар, қыздар, мына үйде қырғын болып жатыр. Біреуді балталады дейді. Құдай сақтасын! Кемпір-шалы қайда екен...

 

Жантүршігерлік оқиға Мұнайлы ауданындағы Басқұдық ауылында болған.

 

Қонаққа келген екі адам үй иесімен ерегісіп қалған. Арты айқай-шуға ұласып, қос жігіт 30 жастағы ауыл тұрғынын балталап өлтірген.

 

Мұны көрген тұрғындар «ауылға қанішер келді» деп, әлеуметтік желіде елді дүрліктірген.

 

Алайда полицейлер бұл ақпаратты теріске шығарды.

 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, марқұм мен оны өлтірген екі күдікті таныс болған екен.

 

Қазір қос күдікті ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Әйгерім Ибатуллаева, Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

 

- 102 кезекші пультіне Басқұдық ауылында, Береке көшесінде ер адамның мәйіті табылғаны туралы шақыру түсті. Аталған факті Мұнайлы ауданы  полиция бөлімінде іс қозғалған. ҚР ҚК 99-бабы. 2-бөлігі. «кісі өлтіру» бойынша тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

 

 

ktk.kz




Көрілген: 1616    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.11.2021, 23:33

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31