Маңғыстаулық тұрғыннан 1 миллион теңгеден астам қаржы бопсалаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі POLICE.KZ-ке сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының тұрғыны өзін қорқытып, ақша талап етіп, бопсалаумен айналысып жүрген азаматқа қатысты полицияға арызбен жүгінді. Жәбірленушіден 1.600.000 теңге көлемінде қаражат талап етілген.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 30 жастағы күдіктінің жеке басы анықталып, ұсталды.
Тінту жүргізу барысында күдіктінің заңсыз әрекеттерін растайтын 200.000 теңге ақшалай қаражат тәркіленіп алынды.
Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабы 1-бөлігімен СДТБТ-де тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.