Қылмыс

Мас жүргізуші 4 баланы қағып кетіп, біреуі қаза болды

  • Мас жүргізуші 4 баланы қағып кетіп, біреуі қаза болды

    Мас жүргізуші 4 баланы қағып кетіп, біреуі қаза болды

 Шығыс Қазақстанда мас жүргізуші 4 баланы қағып кеттңп, оның біреуі ауруханаға жетпей қайтыс болды.

ұл жайында облыстық полиция департаменті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, оқиға кеше 5 қыркүйек сағат 18:50 шамасында Бородулихо ауданы Жаңа Шүлбі ауылында болған. Mitsubishi Chelengerе көлігін тізгіндеген 31 жастағы жүргізуші мас күйінде «айналу» маневрын жасағанда рөлге ие бола алмай қалған. Сөйтіп, 5, 10, 11 және 12 жастағы 4 баланы қағып өткен. Олар жолдың төңірегінде ойнап жүрген еді. Жол апаты салдарынан 10 жасар қыз жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Қалған балалар түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген. «Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабы 3-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» деп атап өтті облыстық полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев.
 

Қазір жүргізуші ұсталып, аудандық полиция бөлімінің уақытша изоляторына қамалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мұндай қылмыс үшін Қылмыстық кодексте 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, сондай-ақ 10 жыл бойы көлік жүргізуге тыйым салынуы мүмкін. Тергеу жалғасып жатыр.

 

aikyn.kz




Көрілген: 325    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.09.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31