Қылмыс

Мас жүргізуші үш полицейді жарақаттады

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Түркістан облысында полицейлерге шабуыл жасаған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен коронавирустың таралуының алдын алуға байланысты елде төтенше жағдай режимі енгізілді.

 

ТЖ кезіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің ЖПҚ қызметкерлері рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Осындай рейд барысында тәртіп сақшылары қала көшелерінің қиылысында себепсіз жүрген “Mercedes ” автокөлігін тоқтатады. Құжаттарды талап ету кезінде мас жүргізуші тәртіпке бағынбай, алдында тұрған екі полицейді соғып, тәртіп бұзушыны тоқтатуға әрекет жасап, көліктің есігінің жанында тұрған үшінші полицейді автокөлігімен сүйрей өтіп, оқиға орнынан ізін суытқан.

Үш полиция қызметкері жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

 

Орын алған оқиға туралы Жетісай АПБ кезекші бөліміне келіп, хабарлама берілді. Жасырынған жүргізушінің жеке басын анықтауға, ұстауға полиция бөлімінің барлық жеке құрамы бағытталды.

 

Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Жетісай аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері ізін суытпай, жарты сағат ішінде Жетісай қаласының тұрғынын құрықтады.

 

Медициналық куәландыруға сәйкес тәртіп бұзушы “орташа дәрежеде” мас халде болған. Және есірткі қолданғаны анықталды.

 

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 379-бабы (билік өкіліне бағынбау) және 380-бабы (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша тіркелді.

 

Күдікті қамауға алынды. Тәртіп бұзушының автокөлігі айыптұрағына қойылды.

 

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch
 




Көрілген: 261    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 20.04.2020, 16:08

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31