Қылмыс

Маска сатып алмақ болған Өскемен тұрғыны алаяққа алданып қалды

  • https://polisia.kz/

    https://polisia.kz/

Елімізде төтенше жағдайдың жарияланғанын пайдаланып алаяқтар өз пайдасын табуып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

 

“102” жедел арнасына Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғыны медициналық бетперделерді сату туралы жарнаманы танымал сайтта көргенін хабарлады. Оларды сатып аламын деп, ақшаны онлайн-төлем арқылы аударған. Одан кейін әлеуметтік желі сатушысы байланысқа шықпаған.

Ал уәде етілген медициналық маскалар жәбірленушіге дейін жетпеген. Жәбірленуші сатушының әдептілігіне үміттенген. Дегенмен хабарсыз қалған алаяқтан күдер үзген тұтынушы бірнеше күннен кейін полицияға жүгінді.

 

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

 

ШҚО полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, интернетте күмәнді келіссөзді жүргізбеуді ескертеді. Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаскүнемдердің арам ойларын жүзеге асыруы мүмкін, сақ болуларыңызды сұрайды.

 

Полиция департаменті облыс тұрғындарын ЕСКЕРТЕДІ:

 

* қандай жағдайда болмасын бейтаныс адамдарға дербес деректерді және шот нөмірлерін хабарлауға болмайды;

 

* әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарт жасасудың қажеті жоқ; ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аудармау, тауарды экспресс-төлем терминалдары арқылы төлемеңіз;

 

* жеке басыңыздың ақпаратын ашық түрде әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз;

 

* банкоматтардың қосымша қызметтерді қоспаңыз.

 

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.


 




Көрілген: 467    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.03.2020, 17:24

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30