Мәскеуде "Қазаққа" оқ атқан күзетші ұсталды

01 наурыз 2022, 10:06

"Қазақ" деген лақап атпен танымал Бағдат Дүйсембаевқа оқ атқан фитнес-клуб күзетшісі қамауға алынды.
Бұл туралы ресейлік инсайдер Игорь Лазорин өзінің Telegram-каналында жазды, деп хабарлайды Экспресс К.
38 жастағы күзетші Максим Пахомов 48 сағатқа қамауға алынды. Жақын арада сот оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдайды, — деп жазды Игорь Лазорин.