Маскүнем ағасы кішкентай қарындастарын аяусыз ұрып-соққан

03 наурыз 2022, 19:01

Өскеменде ішімдікке сылқия тойып алған ағасы үш және жеті жастағы екі қарындасын аяусыз ұрған. Бұл туралы Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі деп Алтайньюс-ке сілтеме жасап.  

Белгілі болғандай, қыздардың ата-анасы да ағаларымен қоса ішімдікке салынған және бұрыннан қолайсыз отбасы ретінде есепке алынған көрінеді.

 

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор кезекті рейд кезінде  аталмыш отбасын тексеруге барғанда сұмдық оқиғаға куә болған. Оның айтуынша, үйдің іші өте лас, ал аяусыз таяқ жеген кішкентай қыздар төсекте көрпеге жасырынып жатқан. Ол бірден қыздарды алып кетіп, ауруханаға жеткізген. Қыздардың біріне бас-сүйек, ми жарақаты диагнозы қойылыпты.

 

-        Қазіргі уақытта екі қыздың ата-анасы ата-ана құқығынан айырылды. Ал, қыздар уақытша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Кішткентай қыз қазір үш жаста. Алайда сөйлей алмайды, тіпті өздігінен тамақтана да алмайды,-дейді Өскемен қалалық ПБ баспасөз қызметі.

 

Айта кету керек, қыздардың ағасы колониядан рақымшылық жасау арқылы босатылған.