Қылмыс

"Мәйітін мұздатқышта сақтаған": Алматы облысында жалғызбасты ана екі жасар баласын өлтіріп тастаған

  • "Мәйітін мұздатқышта сақтаған": Алматы облысында жалғызбасты ана екі жасар баласын өлтіріп тастаған

Алматы облысында екі жасар баланың өлімі ізін суытпай ашылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

5 қазанда сағат 16:00 шамасында Қаратал аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Үштөбедегі жеке үйден екі жасар баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.

 
Полицияға баланың әпкесі жүгіндіген. Оның айтуынша, ол шілде айынан бастап жиенін көрмеген.

"Баланың анасы оны Талдықорғанда жалданған күтушіге бергенін мәлімдеген. Алайда әйел бірнәрсеге күдіктеніп, анасының жоқтығын пайдаланып, үйге терезеден кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан. Тіпті тәжірибелі полиция қызметкерлері де есеңгіреп қалды" - , деп жазады басылым.

Полиция күдіктіні іздей бастады және бірнеше сағаттан кейін өз ұлын өлтіргенін мойындаған Үштөбе қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан және ер адам басқа елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.10.2020, 23:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30