Мемлекетке 3 миллиард теңге шығын келтірген ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды
Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ 15 миллиард теңгені айналдырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР қаржы министрінің Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство өкілдері қылмыстық топтың заңсыз түрде жалған есеп-фактураларын шығарумен айналысқан, негізінде ол жұмыстар мүлде істелмеген және тауарлар жеткізілмеген. Тергеу шаралары барысында осы іске қатысы бар бес адам ұсталды.
Тінту кезінде 19 мекне-жай бойынша жүйелі блоктоар және "1С Есепші" салынған қатқыл диск, 17 заңды тұлғаның ЭЦҚ кілті, жасырын бухгалтерия,20 мөр, ұялы телефондар тәркіленген.
ВИДЕО: aitube.kz/video
Қылмыстық топ мүшелері екінші деңгейдегі банктерден бақылаудағы фирмалардың шоттарынан 150 миллион теңге сомасында ақшалай қаражатты кедергісіз алып отырған.
"17 жалған бір күндік-компаниялардың қылмыстық әрекеттен түскен жалпы айналым 15 миллиардтан асқан, соның нәтижесінде мемлекетке 3 миллиард теңгеден аса салық төлемеу түрінде залал келтірілген", - делінген хабарламада.