"Мемлекеттік опасыздық": ҰҚК Сыроежкинге қатысты шыққан үкім жайлы пікір білдірді

10 қазан 2019, 17:44

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Константин Сыроежкинге қатысты шыққан үкім жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"ҰҚК сайтында 2019 жылғы 7 қазанда Алматы қаласындағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер бойынша сотымен 1956 жылғы Сыроежкин Константин Львович ҚР Қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі - ("Мемлекетке опасыздық жасау") бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға сотталды", - делінген ҰҚК сайтында.

Айта кетейік, Константин Сыроежкинді 2019 жылы ақпанда қамауға алынды.

Ашық дереккөздер бойынша, Константин Сыроежкин - тарих ғылымдарының кандидаты және саяси ғылымдарының докторы.

1995-2000 жылдары Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары қызметін атқарды.

1997 жылы Kazakhstan ақпараттық-талдау орталығының "Қытай, Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия" бағдарламасын үйлестірген.

2003-2006 жылдары талдау орталығын басқарды және инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің жетекші сарапшысы болды.

2006 жылдан бастап Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері болып жұмыс істеген.