Қылмыс

Мемлекеттік сатып алу порталына кибершабуыл жасаған

  • © azattyq-ruhy.kz/

    © azattyq-ruhy.kz/

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың мамырында goszakup.gov.kz мемлекеттік интернет-ресурсының жұмысын уақытша тоқтатқан «Электрондық мемлекеттік сатып алу» ақпараттық жүйесіне жасалған кибершабуыл (DDos типті) фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған azattyq-ruhy.kz хабарлады.

 

«Кибершабуыл салдарынан жалпы сомасы 164 млрд теңгеге 7901 мемлекеттік сатып алу ауыстырылды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, оның ішінде Электрондық қаржы орталығының жәрдем көрсетуімен мемлекеттік интернет-ресурсқа кибершабуыл жасаған Қазақстан азаматы анықталды. Компьютерлік-техникалық сараптама нәтижелері бойынша адамның кінәсі толық дәлелденді», - делінген ҰҚК хабарламасында.

 

2020 жылғы 22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімімен сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 207-бабының 2-бөлігі 1-тармағы (Ақпараттық жүйенің немесе телекоммуникация желілерінің жұмысын бұзу) бойынша кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметпен айналысу құқығынан айырумен 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түрінде жазаланды.

 

 

 




Көрілген: 201    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.01.2021, 13:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31