Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Мейіржан Төребаев және Мейірхан Шерниязовқа қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды

26 желтоқсан 2022, 18:32

Алматыда вайнер Мейіржан Төребаев және Мейірхан Шерниязовқа, сондай-ақ тағы 10 айыпталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала тыңдау аяқталды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.

Алмалы аудандық сотының судьясы Кәмшат Саурова Мейіржан Төребаевтың қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын үйқамаққа ауыстыру туралы өтінішін қабылдады.

 

Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы Ерлан Құланбаев Мейіржан Төребаевтың адвокаты Мұратовтың сотталушыға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын өзгерту туралы өтінішіне қарсылығы жоқ екенін мәлімдеді.

 

MUDARABAH CAPITAL ІСІ

 

2022 жылдың ақпанында Алматыда Mudarabah capital компаниясына қатысы бар деген күдікпен ұсталған бірнеше адамға қаржы пирамидасын құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылды. Олардың ішінде вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов қамауға алынып, тағы бір вайнер Азимжан Саидбаев шетелге қашып кеткен.

 

Қылмыстық іске байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдары Алмас Құрманғалиевке ҚР ҚК 217-бабының 3-бөлігі 1 және 2-тармағы («Қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру және оған басшылық ету») және 262-бабының 1-бөлігінде («Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу») көрсетілген қылмысты жасады деген күдікке ілінгенін анықтады.

 

Ержан Мансұров, Ерлан Мансұров, Дания Рахимова, Руслан Бұрқанов, Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов, Тимур Рүстемов, Нұрлан Сұлтанбаев, Самат Қасенов, Андрей Ча, Біржан Жармұхамед Қылмыстық кодекстің 217-бабының 3-бөлігі 1 және 2 тармағында және 262-бабы 2-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасады деген күдікке ілінген.

 

2022 жылдың 13 желтоқсанында сотталушы Мейіржан Төребаевтан қылмыстық істі прокурорға қайтару туралы мәселесін шешу үшін алдын ала тыңдау тағайындау туралы өтініш түскен.