Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі ұзартылды

20 маусым 2022, 23:39

Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аbai.kz-ке сілтеме жасап.

«Тергеу сотының 18 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», - деді ведомство.

 

Айта кетейік, вайнерлерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалды.