Қылмыс

Министрлікте білдей бастық: арам қатқан 46 жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды

  • Министрлікте білдей бастық: арам қатқан 46 жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды

    Министрлікте білдей бастық: арам қатқан 46 жылқыны кім ұрлағаны белгілі болды

Жылқы ұрлығына қорғаныс министрлігі қызметкерінің қатысы болуы мүмкін. Ақмолалық полицейлер Нұрсұлтан қаласы маңынан өлексесі табылған 46 бас жылқыны ұрлады деген күдікпен екі адамды ұстады.


"Күдіктілер ұрланған жылқыны Аршалыдан елорданың Көктал шағын ауданына апаруға МАН жүк көлігіне артқан. Жан жағы бітеу көлікте мұншама мал шыдамаса керек, тұншығып өлген. Сасқанынан өлекселерді лақтырып кеткен", - дейді Ақмола облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Жанат Жылқыбаев.

Күдіктінің бірі 26 жастағы Целиноград ауданының тұрғыны да, екіншісі 41 жастағы министрлік қызметкері екен. Ол Қорғаныс министрлігінде дардай бөлім бастығы болған. Жылқы ұрлады деген күдікке іліккен қызметкер осыдан бір апта бұрын ғана министрліктен қуылыпты.


Тағы оқыңыз: "300 жылқы ұстадық". Шекарашылар қырғыз кәсіпкерлерінің қулығын әшкереледі


Елорда маңынан 28 бас жылқының өлексесі табылған еді. Малынан айырылған ерейментаулық кәсіпкердің арызы бойынша полиция тексерісі кезінде тағы 18 өлексе Қоянды ауылының маңынан табылды, деп хабарлады КТК.


Қазір екі күдіктіні Ерейментау аудандық соты екі айға абақтыға жапты. Олардың 150 шақырым жерді еш кедергісіз өтуіне министрлік қызметкері беделін салса керек. Ол джип көлігімен алда жүріп отырған.


sputniknews.kz




Көрілген: 3346    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.10.2019, 11:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30