Қылмыс

Мойнына арқан салып, ақша талап еткен

  • Көрнекі фото. https://ru.depositphotos.com/

    Көрнекі фото. https://ru.depositphotos.com/

Қостанайлық құқық қорғаушылардың жедел із кесу әрекетінің нәтижесінде такси жүргізушісін тонауға қатысы бар деген күдікпен үш адам ұсталды, деп хабарлайды polisia.kz.

 

"Олар телефонның мобильді қосымшасы арқылы такси шақырған. Жолаушылардың біреуі жүргізуші жанындағы, қалған екеуі көліктің артқы орындығына отырады. Белгіленген жерге жеткенде, артында отырған адам жүргізушінің мойнына арқан салып, ақша талап еткен", – делінген баспасөз хабарламасында.

 

Жүргізуші қылмыскерлердің қолынан қашып шығып, бірден полицияға жүгінген.

 

Тәртіп сақшыларының айтуынша, күдіктілер көлік ішінен екі ұялы телефон мен бейнетіркегішті алып кеткен. Полиция өкілдерінің жедел із кесуі нәтижесінде, сипаттамаға сәйкес келетін екі күдіктіні ұстаған. Ал үшіншісі кейінірек өз үйінде тұтқындалды.

 

20-24 жас аралығындағы үш күдікті де бұрын сотталған, Қостанай облысының тұрғындары.

 

Қазіргі кезде осы іске байланысты қылмыстық кодекстің 192-бабы (тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

 




Көрілген: 350    Пікірлер: 0

жұма, 10.04.2020, 12:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31