Қылмыс

“Мүгедектік зейнетке шығарып беремін”: Түркістан облысында 2 әйел алаяққа алданып қалды

  • “Мүгедектік зейнетке шығарып беремін”: Түркістан облысында 2 әйел алаяққа алданып қалды

    “Мүгедектік зейнетке шығарып беремін”: Түркістан облысында 2 әйел алаяққа алданып қалды

Түркістан облысында екі әйел мүгедектікке шығу үшін алаяққа бір миллион теңгеден астам ақша беріп, алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт ауданы ПБ-ға алаяқтың арбауына түскен екі бірдей тұрғын арызданып келген. Олардың айтуынша, сырттай танысы “мүгедектік зейнетке шығарып беремін” деп, алаяқтық жолмен ақшаларын алып, бір жылдан астам уақыт алдап жүрген. Жәбірленуші әйелдерге келтірілген жалпы шығын көлемі бір миллион теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Аудандық сақшылар хабар алысымен күдіктіні анықтауға бірден кірісті. Ауыл тұрғындарынан жауап алып, жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің тиянақты жұмыстарының нәтижесінде күдікті ретінде жұмыссыз, жергілікті әйел тұрғын ұсталды. Оның бұдан алдын да сотты болғаны белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде. Белгілі болғандай, күдікті әйел алаяқтық жолмен алған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсаған.

Түркістан облысының полицейлері алаяқтардан сақ болуға шақырады. Жақын таныс емес адамға көп мөлшердегі ақшаны сеніп тапсырмауға кеңес береді. Егер де сіз осыған ұқсас қылмыстың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, уақыт оздырмай бірден полицейлерге “102” телефоны арқылы хабар беріңіз.




Көрілген: 575    Пікірлер: 0

жұма, 26.11.2021, 11:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31